Назарбаев: Алматыға қар жаумағанда, Астанадан апаратын едік
Алматыда өткен 28-інші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік сарапшыға қалай жауап бергенін айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Президенттің айтуынша, әңгіме Алматыдағы ауа-райы туралы өрбіген. Шетелдік сарапшы Елбасыға “Алматы елдің оңтүстігінде орналасқандықтан, қар жаумай қалады деп қауіптенбейсіз бе?” деген сыңайда сауал тастапты.
“Егер Алматыда қар жаумай қалса онда Астанадан алып келеміз. Шүкір, қазір Алматыда қар өте мол, жарыс күндері де қар азаймайды деп үміттенеміз”, – деді президент салтанатты рәсім кезінде.
Универсиаданың ашылу салтанаты “Алматы-Арена” мұз сарайында аса жоғарғы деңгейде өтті. Ертеңнен басталатын спорттық додада 57 елден келген 2000-нан астам спортшы бақ сынамақ.
Оқи отырыңыз:
Роналду 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін үйленеді
Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстаудан бас тартты
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"