Қазақстандықтардың басым бөлігі қолдаған жағдайда АЭС-ті кімдер салады – Тоқаев жауап берді
Тоқаев қазақстандықтардың көпшілігі референдумда “иә” деп жауап берсе, АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергеннен соң журналистер оған сұрақ қойды.
"Бұл – оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуі керек. Бірақ бұл мәселеге менің жеке көзқарасым – Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Ал қалғанын уақыт көрсетеді", – деді президент.
Бұған дейін Тоқаевтың референдумда дауыс бергені айтылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"