Қазақстандықтар шетелге визасыз шыға алмайды: Ақпарат наразылық тудырды
Қазнетте енді шетелге шығу үшін ел азаматтары виза алуы тиіс деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік органдардың ресми хабарламалары мен ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймыз", - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, елден кету визалары туралы жаңалықтың түпнұсқасы qaznews24 Instagram-парақшасында жарияланды. Бұл аккаунт шынайы емес, сатиралық хабарламалар жариялайды. Бұл туралы оның профилінде жазылған.
Талқылау
Пікір