Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Ресейден емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерді әкелуге тырысты: Шекарашылар оларды тартып алды

Әлеуметтік желілерде "Үрлі төбе" өткізу бекетінде дәрі-дәрмектерді заңсыз ұстады деген ақпараттың таралуына қатысты Шекара қызметі шекаралық бақылау кезінде тауар құжаттары жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәрі

"Шекара қызметі 2020 жылғы 9 шілдеде шекаралық бақылау кезінде тауар құжаттары жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын, олардың атаулары бойынша пакеттерге оралып, екі жол сөмкесіне салынғанын хабарлайды. Бұл ретте өткізуші адам дәрілік препараттардың қайдан шыққанын және кімге арналғандығын түсіндіре алмаған.

Оларды әкелудің заңдылығын анықтау үшін құзіреттілігі бойынша дәрілік препараттар Павлодар облысы экономикалық тергеу департаментіне берілді, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік бақылау департаменті хабардар етілді", - делінген ҚР ҰҚК Facebook-тегі парақшасында.

Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі етпейтіндігін атап өтті.

Рavlodarnews.kz-тің жазуынша, онға жуық павлодарлық отбасы Омбыдан дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, оларды шекара арқылы такси жүргізушісімен тасымалдауға шешім қабылдаған. Олар цеф-3, лидокаин, азитромицин, нимесил, АЦЦ және басқа да қажетті дәрі-дәрмектерге тапсырыс берді. Әр сәлемдеме қол қойылған сөмкеде болды, онда дәрігер жазып берген рецепт те болған. 

Дәрі-дәрмекті тасымалдаған ер адам шекарада үш сөмкедегі дәрі-дәрмектердің әр түрлі адамдарға жеке пайдалануға арналғанын түсіндіре алмаған.

"Мен Омбыдағы бүкіл отбасы үшін дәрі-дәрмектерге тапсырыс бердім, олардың арасында қазір пневмонияны емдеу үшін қажет цеф-3 және лидокаин бар, рецепттер бар. Дәрі-дәрмектерге портал арқылы тапсырыс беріп, теміржол вокзалына жеткізуді рәсімдеді. Содан кейін біз бір жас жігітті, жүргізушіні оларды бізге жеткізуге көндірдік. Ол шекарада төрт сағаттан астам уақыт ұсталды. Әр сағат сайын біз оның өткен-өтпегеніне алаңдадық. Содан кейін мен біздің дәрі-дәрмектерімізді алып қойғанын білдім", - дейді Ақсу тұрғыны Ирина Лоренц.

Әйел кеше күні бойы әртүрлі бөлімдерде болды, экономикалық тергеу департаментіне де, фармацевтикалық бақылау бөліміне де барып, ал кешке оның отбасына қажетті дәрі-дәрмектерді контрабанда ретінде жоюға болатынын білді.

"Сол кезде жүйкем сыр берді. Біз барлығынан, соның ішінде журналистерден көмек сұрай бастадық. Кеше кешкісін әкімдіктің көмегімен бас санитар дәрігермен кездесіп, ол таңертең заттарды сұрыптауға уәде берді. Нәтижесінде барлық дәрі-дәрмектер толықтай бізге қайтарылды", - деді Ирина Лоренц.

Дәл осындай жағдайға тап болған павлодарлық Салтанат Нұрмақина да көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

"Өткен түннен таңға дейін облыстың бас дәрігері Батырбек Әлиев бізбен байланыста болды. Біз және басқа да дәрі-дәрмек алу керек адамдар әрқайсысы өзіінікін алып кетті. Көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз, - деді Салтанат Нұрмақина.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінде бұған дейін Ресейден дәрі-дәрмекке тапсырыс берген және оны алмаған Павлодар облысының барлық тұрғындары бүгін түске дейін барлық препаратты толық көлемде алып кеткенін хабарлады.

"Кеше және бүгін таңертең облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері осы адамдармен кездесіп, олармен әлі күнге дейін байланыста болып келеді. Олардың туыстарына барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Талқылау