БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ауылдағылар ауыр қабылдауы мүмкін": Танымал жұлдыздар жазда қайда демалады

Жаз мезгілі шықса жағалауға асығатын жұлдыздар қауымы осы жылы да демалыстың жоспарын құрып қойған. Шет елге жолдама алған кімдер, қай өнерпаз отандық туризмді қолдайды? Stan.kz тілшісі қазақстандық шоу-бизнес өкілдері арасында арнайы сауалнама жүргізген еді. 

коллаж

«Мен қашан демалғым келеді, сол кезде демалыс жариялаймын. Биылғы жазғы жоспарымды бөлісейін. Бір аптадан кейін кетейін деп жатырмын демалысқа. Тибетке бармақшымын. Мен теңізден гөрі, тауда демалғанды жақсы көремін. Мысалы, былтыр ата-анаммен демалдым, биыл өзім жалғыз барайын деп отырмын. Қалай болатынын, қалай өтетінін өзім де білмеймін. Бірақ жазғы жоспарымда демалу бар», - дейді Мақпал Исабекова. 

Зарина Омарова үшін де жазғы демалыс дәстүрге айналған. Биыл да әншінің отбасы жылдағы қалыптасқан үрдістен жаңылмақ емес. 

Зарина Омарова

«Негізі әртістердің жазғы уақытының басым бөлігі той мен салтанатты кештерде өтеді. Бірақ соның бір аптасын немесе он күнін өзімізге демалыс жариялаймыз. Биыл мен Грузияға барамын. Бірақ мен демалып жүрген жерлерімді, демалған кездерімді, ішіп-жегенімді әлеуметтік желіге көп салмаймын. Өйткені, біз осылай өмір сүрсек, ауылды жерлерде де халық бар ғой. Демалысқа бара алмайтындар бар. Олар бізді көріп, қарап, ауыр қабылдап қалуы мүмкін. Ол дұрыс емес деп есептеймін», - дейді Зарина Омарова. 

Жігер Ауыпбаев шекара асса бір оқпен қос қоянды ататын туристердің санатында. Шет елге шыға қалса,  қаржыны да үнемдеудің тың тәсілін тапқан. Әнші жігіт әуелі басқа мемлекетке клип түсіруге барып, кейін шығармашылық жұмысын демалысқа ұластырып жібереді екен.

Жігер Ауыпбаев

«Мен көбіне іс-сапарлармен шыққан кезде демалып қайтамын. Анталияға, Дубайға бардым. Менің ойым жасаған жұмысыма сай демалу керек. Өзің қаражат бөліп, содан кейін жақсы бір демалыс жарияласаң, әлдеқайда жақсы. Әрбір еңбектің соңында жақсы демалыс болуы керек. Сонда ғана алға жоспар құрып, өзіңе стимул алып отырасың. Сөздің шыны керек, мен биыл жазғы демалысқа қатты бір әуестеніп жатқан жоқпын. Себебі жоспарлар өте көп болып тұр қазір. Жеке кешімнің дайындығы және өтетін мерзімін талқылау үстіндеміз», - дейді Жігер Ауыпбаев. 

Ал жыл сайын өзге мемлекетке тайып тұратын Асxат Тарғын, осы жолы жоспарын түбегейлі өзгерткен. Биыл «чип-чип» хитінің орындаушысы отандық туризмді қолдауды құп көрген секілді.

Асхат Тарғын

«Шілде айының ортасында өзіме және отбасыма демалыс жариялаймын. Биыл өзіміздің еліміздің шығыс өңіріндегі Үржар жақтағы Алакөлге бармақшымыз. Сол аймаққа бір аптаға барамыз. Яғни бұл жолы өнердегі әріптестеріммен емес, өмірде араласатын аға-бауырларыммен барамыз. Ақтөбеден тұңғышым келді. Сол Айым қызымды да бірге алып барайын деп жатырмын. Наурыз айында ғана шет елде демалған едім. Енді өзіміздің елде демаламыз. Жаз мезгілінде суға түскен өте пайдалы дейді ғой», - дейді Асxат Тарғынов. 

Баян Алагөзова

Сондай-ақ, дәл қазір Баян Алагөзова, Айгүл Иманбаева сынды танымалдар шет елде демалуда. Бірнеше күннен бері қос құрбы инстаграм арқылы Мысырдан елге сәлем жолдап жүр. 


"Ақша болмаса, ешкім емессің": Қазақстандық жұлдыздарға шаңырақ көтерерде аналары қандай өсиет айтты
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр