Қазақстандық гимнастшы Ташкенттегі Азия чемпионатында топ жарды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Айбота Ертайқызы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айбота Ертайқызы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Қазақстандық гимнастшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалап, жарыс жеңімпазы деп таныды. Ал күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапониялық Рейна Мацусака еншіледі. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын жазған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"

