Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гимнастар әлем кубогында екі медаль жеңді

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен гиманстикадан әлем кубогында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында алты спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гимнастика

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, гимнастар доп/лента жаттығуында күміс медаль, шеңбермен жаттығуда қола медаль жеңіп алған. 



Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Таллинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді

Назархан Уән
Дүйсенбі, 18 Сәуір, 2022 07:36
Талқылау