Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қазақтелеком" Курчатов қаласы абоненттерін толығымен оптикалық желілерге ауыстырды

Курчатов қаласының тұрғындары толығымен “оптикаға” өтті. Бұл шара "Қазақтелеком" компаниясының моноқалалардағы желіні жаңғырту бойынша ауқымды жобасы аясында жүргізілді. Еліміздегі ең ірі байланыс операторы 29 шақырымға созылатын магистральдық желілер салып, өз инфрақұрылымын ұлғайтуда.

12 мың тұрғыны бар шағын қала Курчатов еліміздің шығысында орналасқан. Байланыс операторының техникалық тобы моноқаланың қолданыстағы инфрақұрылымына мұқият талдау жүргізіп, 100-ден астам көпқабатты үйлер пилоттық жоба ретінде таңдалды. Ауқымды жоба аясында байланыс операторы 29 шақырымға жуық магистральдық желіні салып, жеке инфрақұрылымын құрды.

"Қазақтелеком" АҚ желілік бөлімшесі қауымдастығының сапа жөніндегі директоры Шыңғыс Құсқамбасов оптикалық талшыққа көшу арқылы тұтынушылар сандық шешімдердің бүкіл экожүйелеріне қол жеткізе алатынын айтады. Сондықтан мұндай технологияларға толығымен көшіру туралы шешім қабылданған. Ал көшу қызметінің өзіне бір жылға жуық уақыт кеткен. 

“Модернизация жобасы аясында байланыс операторы өзін жаңартып, қалаларды дамытуға негіз жасайды. Мыстан бас тарту - бұл тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, желіні дамытудың және технологияны өзгертудің жаңа кезеңі", - деді Шыңғыс Құсқамбасов. 

Компания мыс желілерінен оптикалық желілерге көшу арқылы сандық теледидар және TV+ платформасына қол жеткізу, 500 Мбит/с жылдамдықтағы интернет, бейнебақылау қызметтері және т.б жаңа мүмкіндіктердің ашылатынына сенімді. 

"Қазақтелеком" АҚ бөлім бірлестігінің қол жеткізу желісінің директоры Ғазинұр Райымханов бұрын мыс желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін компания көлемді жабдықты орнату үшін үлкен үй-жайларды пайдаланғанын еске алды. Сөзінше, қазір керісінше заманауи және ықшам құрылғылар контейнерлер ішіндегі арнайы оптикалық жерлерге ауыстырылған.

"Абоненттердің "оптикаға" 100% ауысуы ғимараттарды оңтайландыруға және ескірген жабдықты С&C08 TDM типті АТС пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді. Мұнда 20 шақырым мыс кабель демонтаждалуда", - дейді Ғазинұр Райымханов.

“Оптикаға” көшіру бастамасы "Қазақтелекомның" жеке қаражаты есебінен бірнеше жылға есептеліп, жүргізілуде. Республика аймақтарында ADSL технологиясынан толық бас тарту және 54 мың шақырымға жуық қолданыстағы мыс желілерін қайта құру компанияның стратегиялық міндеттерінің біріне айналған. Оператордың оптикалық желілерінің жалпы ұзындығы 87 000 километрден асады.

Компания алдағы жылы бірқатар шағын қалаларды, атап айтқанда Түркістан, Степногорск, Хромтау, Ақсай, Ақтау, Жаңаөзен, Жезқазған қалаларын толығымен "оптикаға" көшіру бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлауда.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 26 Желтоқсан, 2022 13:31