Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 33 бала қайтыс болды

Қазақстанда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Биыл бірінші тоқсан бойынша 500-ге жуық кәмелетке толмаған баланы көлік қаққан. Олардың 33-і қайтыс болды. Қайғылы оқиғалар барлық облыстарда тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігі жыл сайын республика бойынша жолдарда 2 мыңнан астам адам көз жұмады. Көбінесе бұл ереже бұзған жүргізушілердің кінәсінен болады. Мәселен, Шымкент тұрғыны жарты жылда ережені 178 рет бұзып үлгерген.

Оның айыппұлдарының жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар еліміздегі әрбір үшінші жол қозғалысы ережесін бұзу осы мегаполисте орын алады.

Атығай Арыстанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

“Жалпы, бүгінгі таңда елімізде жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтайтын 16,9 мың камера бар. Камералардың көмегімен жалпы сомасы 5 млрд 200 млн теңгені құрайтын 518 000 бұзушылық анықталып, орындалды. Олардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласына, Шымкентке, Атырау облысына, Ақмола және Қостанай облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ жыл басынан бері 290 қазақстандық өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылғаны хабарланды. Жыл сайын 1500 жүргізуші дәл осындай жазаға тартылады екен.

 

Талқылау