Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда вакцинация төлқұжаттарының қағаз нұсқасын сатуға тырысып жатыр

Қазақстанда вакциналау төлқұжаттарына байланысты алаяқтықтың түрі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде "eGov mobile"-дағы электрондық вакцинация төлқұжаттары кейбір ұйымдарда жарамсыз деп есептелетіні жайлы ақпарат тарауда. Сондай-ақ, оларды отандастарымыздың "Спутник V"-мен вакцинациялауға рұқсат етілген елдерге кіру кезінде қабылдамайтыны туралы хабарлама тарата бастады. Адамның коронавирусқа қарсы вакцинация курсын алғанын растау үшін санэпидбақылау комитеті беретін мөрі бар ресми үлгідегі төлқұжат деп аталатын құжатқа тапсырыс беру қажет. Кейбір хабарламаларда мұндай төлқұжат шамамен 1 500 теңге тұрады деп көрсетілген.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне түсініктеме берді.

"Бұл ақпарат жалған. Комитет вакцинация паспорттарын қағаз күйінде бермейді және таратпайды. Барлық ұйымдарда eGov mobile-да орналастырылған электрондық вакцинация паспорты жарамды болып табылады. Оның ішінде, электрондық паспорт ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде, "Спутник V"-мен  вакцинациялаған адамдардың кіруіне рұқсат етілген елдерге кірген кезде жарамды, - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, шілде айынан бастап вакцинацияның толық циклынан өткендердің барлығы Ashyq қосымшасында "жасыл" статусқа ие болатындығын еске салды.

"Жасыл" статус - толық қозғалыстың белгісі. Бұған дейін бұл мәртебеге теріс ПТР тесті бар адамдар ғана ие болатын, ол 72 сағатқа дейін созылатын.

Назерке Мұса
Жұма, 28 Мамыр, 2021 13:48
Талқылау