Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда театрлар қалай жұмыс істейтіні нақтыланды

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия театрлардың жұмысы туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып.

Асқар Маминнің төрағалығымен Ведомствоаралық комиссиясының селекторлық мәжілісі өтті. 2 қарашадан бастап театрларға адам сыйымдылығының 30 пайызына дейін жұмыс істеуге, бірақ залда 100-ден аспайтын адам санының болуына рұқсат етілсін (әлеуметтік қашықтықты, бетперделік режимді, термометрияны сақтау, күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режимді сақтау)", - делінген хабарламада.

 Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ПЦР-тест нәтижелері туралы анықтамасыз авиакомпанияларға жолаушылар отырғызуға тыйым салуды тапсырған болатын.

Cондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа ауыстыру жоспарлануда;ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-ші сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат беру жоспарлануда.

Талқылау