Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға ПТР-анықтамасыз ұшуға тыйым салынды

Премьер-министр индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әуе компанияларға ПТР-тест нәтижелері туралы анықтамасыз халықаралық рейстерге жолаушылар отырғызуға тыйым салуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. 

Премьер-министр индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын әуе компанияларға ПТР-тест нәтижелері туралы анықтамасыз жолаушылар отырғызуға тыйым салуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, бір аптада жеке қорғаныс құралдарының бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, байланыста болған адамдарды, науқастарды қадағалау, субъектілердің цифрлық технологияларды пайдалана отырып, санитариялық талаптарды сақтауын мониторингтеу жөніндегі бағдарламаларды енгізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.


 


Өңірлердің әкімдеріне екі күн ішінде ұйымдасқан ұжымдардың басшылығымен карантин режимін сақтау жөнінде арнайы кеңестер өткізу, мектептер мен медициналық ұйымдарда санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жеке бақылауға алу тапсырылды.

Үкімет басшысы өңірлер әкімдіктеріне апта соңына дейін "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуы тұрғысынан СОО қызметіне мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл ретте бұзушыларға олардың жұмысын тоқтата тұруға дейінгі қатаң ден қою шаралары қолданылатын болады.

Талқылау