Күн жылып, жауын-шашын азаяды: Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" РМК 3-5 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Болжамға сәйкес, демалыс күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдай Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты жылы болады.
"Елдің көп бөлігінде бұлтты болады және жауын-шашын жауып, боран мен жел соғып, көктайғақ болады. Атлантикалық циклон республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады", – деді Қазгидромет мамандары.
Синоптиктер тек оңтүстік өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанатынын айтты.
Бұған дейін ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ