Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда карантин тағы ұзартылады ма: Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ағымдағы шектеулерді ұзарту немесе карантинді қатаңдатуды 19 шілдеге дейін қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

"Карантинді ұзарту туралы. Бастапқыда, ұсыныс жасалған кезде, режимді, оның ішінде бизнес-қоғамдастық үшін мүмкіндігінше бейімделу үшін азаматтардың тілектері ескерілді. Алайда ауырғандардың саны өсуіне байланысты қайтадан карантин енгізуге тура келді. Кез келген инкубациялық кезеңге 14 күн керек болғандықтан, әзірге екі апта деп бекіттік", - деді Цой.

Оның айтуынша, министрлік қазір шектеу шараларын ұзарту мәселелерін қарастыруда, бірақ нақты карантинге қатысты ақпарат екінші аптаның басында немесе одан кейін белгілі болады.


"Яғни, біз карантиннің соңына қарай бағалау жүргізгенде, оның сақталатыны немесе шаралар күшейтілетіні анық болады. Қазір біз осы мәселелермен айналысып жатырмыз, біз ғалымдармен және шетелдік әріптестерімізбен бірге жағдайды бақылап отырмыз", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап елімізде екі аптаға карантиндік шектеулер енгізілген.

Талқылау