Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізіледі?

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырған кезде қатаң карантин шаралары енгізілетіні туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір Қазақстанда 4600 адам емделуде. Егер ауырып жатқан науқас саны кенеттен 30 мыңға шығатын болса, онда бүкіл ел бойынша қатаң карантин енгізіледі. Бұл ең маңызды көрсеткіш", - деді Қоджахметов ОКҚ брифингінде.

Бұл бір мезгілде ем қабылдайтын азаматтардың күнделікті саны осы көрсеткіті көрсетсе, карантин қатаңдатылатын болады.



Қазіргі уақытта 4596 адам коронавирустық инфекциядан емделуді жалғастыруда, оның 34-і балалар. Ауруханаларда 2 523 науқас жатыр, амбулаториялық деңгейде 2073 адам ем алуда.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрі Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілетіні туралы айтқан болатын. 

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 15:44
Талқылау