Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал ақын карантин ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі

Ақын Қалқаман Сарин карантин ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі. Өйткені Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқаратын Сарин мырза бұқаралық іс-шараны ұйымдастыруға және оның өтуіне тікелей жауапты болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы шараға жауапты қала әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Эльдар Төлеубеков те 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі.

Тамыз айында қала әкімдігінің қызметкерлері жиналып, өлең оқып, видеоэстафета форматында мәдени шара ұйымдастырған. Оған қала әкімі Жақсылық Омар мен орынбасары, бірқатар бөлім басшылары қатысқан. 

Мемлекеттік қызметкерлер бетперде тағып, арақашықты сақтаса да карантин талаптарын бұзған болып шықты. Осыған байланысты қала әкімдігінің аппараты мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінін жоспардан тыс тексерді. Жауапты қызметкерлерге қатысты хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

"Әрқайсысына 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бір апта ішінде жедел төлем бойынша әрбірі 115 АЕК бойынша төледі", - деді ШҚО көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.

Талқылау