Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ипотекалық төлемдер үш айға тоқтатылатын болды

"Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары ипотека төлемдерін 3 айға шегере тұратынын айтты. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ипотека

"23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады", - делінген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төлемдерді кейінге қалдыру үшін мемлекеттік операторларға қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш беруі керек. Өтініш жеке тәртіппен қаралатын болады.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Германиялық министр коронавирусқа байланысты өзіне қол салған

Министр өлім алдында хат жазыпты, алайда ол әлі жарияланбаған

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

Ауруға шалдыққандардың саны 294 болды

24 сағаттық жұмыс тәртібі: Науқастар үйлеріне барудан және жақындарын көріп тұрудан бас тартқан қазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді

Аурухана басшылығы дәрігерлер үшін жеке платаны жабдықтап қойған

24-рабочий день: Пациенты благодарят казахстанских врачей, отказавшихся от поездок домой и встреч с родными

Күн жылынса, коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы

Коронавирустың таралмауына климаттың жылынуы қалай әсер етеді?

Қазақстанның бүкіл аймағында жаңбыр: синоптиктер жақын арадағы ауа райы жайлы

31 наурыз – 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай?

Коронавирус жұқтырған Орал қаласының тұрғыны: Мен қылмыскер емеспін, бірақ бәрі мені сөгіп жатыр

Оралда ақпараттық порталдың қызметкері коронавирус жұқтырған

Сарапшы қытайлық хантавирустың ерекшелігі жайлы айтты

Маман: Аурудың жаппай эпидемияға айналуы екіталай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 293-ке жетті

Ауру жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді

Қазақстандық спортшы теннистің жаңа жұлдыздары рейтингінде ТОП-10 құрамына кірді

Бұған дейін ол әлемдік рейтингте ТОП-20 қатарына енді
Çàãðóçêà...