Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда екпе салынбаған балалардың ем-домын ақылы ету ұсынылды

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды емдеуді ақылы ету ұсынылды. Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова бүгінгі таңда аталған ұсыныстың талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда екпе салынбаған балалардың ем-домын ақылы ету ұсынылды

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Людмила Бюрабекова екпеден бас тартқан ата-аналарды жазаламау үшін, басқа норманы қарастыру көзделіп отырғанын айтты. Егер бала ата-анасы екпе салдырмаған аурумен ауырып қалса, оның емі ақылы болады, дейді ол.

Комитет төрайымы бүгінгі таңда аталған ұсыныстың талқыланып жатқанын айтты. 

Ал еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ұсыныстардың министрлік қана емес, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардан да түсіп жатқанын жеткізді.

«Бұл тек кодекстің жобасы. Соңғы сөзді депутаттар айтады. Осындай ұсынысты қарастырып жатырмыз. Тек министрліктен емес, ата-аналардың өзінен, қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар түсуде. Біз оларды реттеп, қарастыруға енгізіп жатырмыз», -  бас санитар дәрігер.

Айта кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин елімізде екпе салынбаған балаларды балабақша мен мектепке қабылдамауы мүмкін екенін айтқан еді. Өз сөзінде Бекшин вакцинацияға қатысты жаңа ережелер биылғы жылдың желтоқсан айына дейін енгізілетінін атап өтті. Айтуынша, заң жобасында екпе салынбаған балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымы, мектепке баруына тыйым салу туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ, ол балалардың вакцинацияға деген құқығын бұзған ата-аналарға айыппұл салу туралы да ұсынылып отырғанын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды

Бокстан әлем чемпионатынан тағы да шеттетілді: Левит экваторлық спортшыдан жеңілді

Бұл әлем чемпионаты - Левиттің мансабындағы үшінші чемпионат

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Желі қолданушысы: Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?

100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі тамақтың бағасы көпшілікті таңғалдырды

Асханадағы тамақ бағасы 200 теңгеден басталады

Үшінші мемлекет аумағында жасырынып жүр: СІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы

Күдіктінің нақты қайда екені белгісіз
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр