Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады

Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқыту құралын енгізбек. Сөз онлайн-оқыту форматы жайлы болып отыр. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады", - деді вице-министр министрліктің алқа мәжілісінде. 

Айта кетейік, елімізде жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар саны 5 мыңға артады. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің техникалық мамандықтар бойынша білім алуы керектігін айтқан еді. 



Қуаныш Ерғалиев президенттің тапсырмасымен, "Болашақ" бағдарламасын қайта реформалау жұмыстарының басталып кеткенін айтты. 

Талқылау