Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада 27 жыл бойы қазақы дәстүрді ұстанып келе жатқан отбасы тұрады

Канадада қазақи дәстүрді ұстанатын Раунақтар отбасы тұрады. Қазақстаннан кеңес одағы кезінде кетсе де, балаларына ұлттық дәстүрді сіңіріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Лиза Раунақ Қазақстаннан 1983 жылы көшіп кеткен. Ресейде оқыған ол отау құрған соң Канадаға көшеді. Үш баласы да шетелде туып өскен.

Олар қырық жыл жырақта жүрсе де, ана тілі мен қазақы болмысын ұмытпаған. Үйінің бір бөлмесінде қазақы бұрыш бар. Ұл-қыздарына бесік жырын үйретіп, ойыншық орнына бесік береді.

“Анам көзі тірісінде тігіп берген. Балаларым ойнады. Немерелерім де ойнайтын шығар”, – деді Торонто қаласының тұрғыны Лиза Раунақ.



Шет аймақта жүрсе де, олар қазақы салтпен келін түсіріп, қыздарын қазақы жоралғымен ұзатқан.

“Жәмиля үйден қазақы дәстүрмен ұзатылуын қалады. Әкесі батасын берді. Мына үйді қазақи нақышта істедік. Үйде қазақи көрпелер көп. Батасын бердік”, – деді торонтолық Лиза Раунақ.

Раунақ әулеті – Торонтаға Қазақтаннан алғаш келген отбасылардың бірі. Қоныс аударғандарына жиырма жеті жыл болған. Алайда қазір қазақ диаспорасы бірнеше есе көбейген. 

“Балалар қазақтармен отырғанда өздерін өте жақсы сезінеді. Олар да Қазақстанды, туған-туысқандықты сағынады”, – деді қазақ әйел.

Талқылау