Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы жылдары қандай компаниялар IPO-ға шығарылады

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев 2023-2025 жылдары IPO/SPO-ға шығатын компанияларды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қор мына портфельдік компанияларды IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отыр:

2023 – 2024 жылдары – "Эйр Астана", "KEGOC" және "Самұрық-Энерго" жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалық компаниясы);

2024 – 2025 жылдары – ҚазақГаз; 2025 жылы – Қазақстан темір жолы.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қоры ҚазМұнайГаз компаниясын IPO-ға шығарған болатын. Оның қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 153,8 млрд теңгеге 129,9 мың өтінім түскен.

Соның ішінде қарапайым азаматтар акция сатып алуға 74,6 млрд теңгеге 128,7 мың өтінім берді. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.

Соның ішінде қарапайым азаматтар акция сатып алуға 74,6 миллиард теңгеге 128,7 мың өтінім берді. Компанияның бір акциясы 8406 теңгеден сатылды. 

Талқылау