Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын алып, рекорд жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аделаида мен Арсен

Фото: qaz_olympics

Қазақстан құрамасы Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) өткен су спорты бойынша Азия чемпионатында тағы екі алтын жеңіп алып, табысты нәтижесін жалғастырып жатыр.

Жүзгіштер Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов 50 метр қашықтықта брасс әдісі бойынша жеңімпаз атанды. Екі спортшының да нәтижелері – Пчелинцева үшін 31,40 секунд және Қожахметов үшін 28,26 секунд. Бұл Азия чемпионатындағы жаңа рекордтар болып есептеледі.



Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының төрт алтын медаль жеңіп алған жарыстың алдыңғы кезеңдеріндегі жетістіктерін толықтырды. Жүзуден Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңіске жетсе, 50 метрге арқамен жүзуде Ксения Игнатова бірінші болған. 50 метрге арқамен жүзуде Егор Попов алтын алса, суға секіру сайысында Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина бірінші орынды иеленді.

Жүзуден жарыс 29 ақпанға дейін созылса, суға секіру жарысы 1 наурызда аяқталатынын айта кетейік. Одан кейін 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыстар, 3-9 наурыз аралығында су добынан турнир өтеді.

Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының Грецияға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болған.

Талқылау