Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 25 жылда 26 миллионға дейін ғана өседі

Фото: Ru.freepik.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан халқының саны небәрі 25 жылда 26 миллионға дейін өседі деген болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қордың болжамынша,  25 жылда әрбір бесінші қазақстандық зейнетке шығады. 60 жастан асқан адамдардың үлесі 10-14%-ға дейін өсті және 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 19%-ға жетуі мүмкін. Туудың төмендеуі мен халықтың қартаюы экономиканың барлық саласына кері әсерін тигізіп жатыр. 

Адамзат тарихында алғаш рет 65 жастан асқан адамдардың саны бес жасқа дейінгі балалар санынан асып түсті. Бұл демографиялық теңгерімсіздік Қазақстанда да байқалады. Қазір елімізде 20 миллионнан астам адам тұрады. Оның:

  1. 9 миллионы – 25 жасқа дейінгі жастар;
  2. 9,5 миллионы – 25 пен 64 жас аралығындағы еңбекке қабілетті азаматтар;
  3. 2 миллионы – зейнет жасындағы адамдар. 

Бұл көрсеткіш алдағы жылдары үнемі өсіп отырады, ал еңбекке қабілетті халықтың үлесі азая бермек.

Еңбекке қабілетті жастағы (25-64 жас) адамдар мен зейнет жасындағы (65 жастан асқан) адамдардың арақатынасы 2012 жылы 7,7 болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 5,2-ге дейін төмендеді. Болжамдарға сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметінше, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициенті 2050 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендейді. Бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін жүктемені арттырады.

БЖЗҚ болжамы бойынша, XXI ғасырдың ортасына қарай әрбір бесінші қазақстандықтың жасы 60-тан асады. Бұған себеп – өмір сүру ұзақтығы артып жатқанымен, туу көрсеткіші төмендеуі. Ал экономистер бұл үдеріс сәл кейінірек басталады деп есептейді. Марат Абдурахмановтың айтуынша, 2072 жылы Қазақстан демографиялық қартаю кезеңіне тап болады.

“Қазір еңбек нарығына 2002-2009 жылдар аралығындағы baby boom кезеңінде дүниеге келген ұрпақ шығып жатыр. Ол жылдары жыл сайын орта есеппен 300 мыңнан астам бала туған. Бұл baby boom 2019 жылы аяқталды, сол жылы 400 мыңнан астам сәби дүниеге келген. 2050 жылға қарай сол буын толық еңбекке жарамды жасқа жетеді”, – дейді қаржыгер Марат Абдурахманов.


Қазақстан халқының саны белгілі болды


Қазақстанның үш қаласынан халық жаппай көшіп жатыр


Халық қартайған сайын экономикалық жүктеме артады, себебі зейнеткерлер салықтық түсімдердің өтей алмайды. Сонымен қатар зейнетақы жүйесі де бұл қысымға төтеп бере алмауы мүмкін.

“Алдағы 10-20 жылда бізде еңбек ресурстарына қатысты мәселе болмайды. Бірақ үлкен буын зейнет жасына жеткен кезде қиындықтар басталады. Сол себепті экономикамызды, жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды қарт адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуіміз қажет”, – дейді демограф, Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері Нұржау Қалижанов.

Мамандардың айтуынша, өмір сүру сапасын арттыру, медицинаға, білімге және тұрғын үйге қолжетімділік туу көрсеткішінің өсуіне серпін беруі мүмкін. Дегенмен халықтың қартаю үдерісі жалғасады – бұл заңдылық. Мамандар оған бейімделуге әрекет ету керек екенін айтты.

Бұған дейін Қазақстанда туу көрсеткіші азайып кеткені туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сенбі, 24 Мамыр, 2025 10:20
Талқылау