Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі лауазымына таласқан екінші үміткер кім

Фото: Түркістан облысы әкімдігі/Алматы әкімдігі

24 мамыр күні Ерболат Досаев ресми түрде Алматы әкімі қызметінен босатылып, бұл лауазымға Дархан Сатыбалды тағайындалды. Мегаполис басшысының қалай тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі қызметіне екі үміткер ұсынылды. Оның бірі – Дархан Сатыбалды болса, екіншісі – Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Ашық дауыс беру нәтижесінде қалалық мәслихаттың 23 депутаты Дархан Сатыбалдыны қолдаса, Бейбіт Шахановқа 9 депутат дауыс берген.

Сондай-ақ премьер-министр Олжас Бектенов Президент жаңа әкімге жүктеген міндеттерді атап өтті.

“Ең алдымен — инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді кеңейту және экономиканы әртараптандыру керек”, – деді Бектенов.

Айым Болатқызы
Сенбі, 24 Мамыр, 2025 16:24
Талқылау