Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бірқатар елдердің вакцинация алған азаматтарына елге кіруге рұқсат берді

Қазақстанның бас дәрігері Ерлан Қиясов халық арасында коронавирустық аурулардың алдын алу шараларын одан әрі жүзеге асыру туралы жаңа жарлыққа қол қойды.

Құжат денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, бұдан былай вакцинацияланған Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарына ел аумағына кіруге мүмкіндік береді.

"Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының вакцинациялау паспорты/сертификаты/куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын" делінген құжатта.

Осы елдердің азаматтарына көрсетілген құжаттары болған жағдайда елге кіруге рұқсат етілетіндігі нақтыланды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Асхат Аймағамбетов QazVac вакцинасына шүбә келтіргендерге жауап берді

Талқылау