AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін үйрететін бағдарламаларды қолға алғым келеді – Милана Тарасова

Күн өткен сайын қазақ тіліне деген қажеттілік артуда. Бұл – қазақ тілінің мемлекетімізде алатын орны үшін де, тілді үйретіп жүрген азаматтар үшін де қуантарлық жағдай.Мемлекеттік тілді меңгеру барша қазақстандықтың болашағына жол ашады. 

Ақмола өңірінде мемлекеттік тілдің дамуына тиісті көңіл бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақ тілін кеңінен насихаттайтын шараларға қатысып, оның қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосатын өзге этнос өкілдерінің саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.  

Осындай тіл жанашырларының қатарында қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, болашақта тіл курстарын ашқысы келетін Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің филология факультетінін 3 – курс студенті Милана Тарасова да бар.

"Менің ұлтым орыс болғанымен қазақтардың ортасында өстім. Ауылда тұрып, қазақтың салт-дәстүрлерінің барлығын бойыма сіңірдім. 5-6 жасымнан бастап ауылдағы мектепте оқып, қазақ тілін үйрендім",- деп бөлісті Милана.

Оның айтуынша, оқушы кезінен бастап тілге, әдебиетке қатысты әр түрлі форматтағы шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Қазіргі таңда қазақ тілін үйрететін жобаны қолға алып, тіл үйренемін деген жастарға көмектесіп жүр. Бұл жоба арқылы еліміздегі қазақ тілінің мәртебесін арттырып, жаңа бастамаларды қолға алғысы келетінін жеткізді. 
"Тілді үйрену кезінде ең бастысы, адамның ынтасы болуы керек. Тәртіп болмаған жерде нәтиже болмайды. Мәтінмен жұмыс істеу, күнделікті қазақша ән тыңдап, оның мағынасын түсіну, қазақша жаңалықтарға сараптама жасау арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады",- дейді тіл жанашыры. 

Милананың болашақта Халықаралық байланыс мамандығы бойынша білім алу жоспарында бар. Бірақ бұдан да маңыздысы ауқымды, халықаралық қазақ тілін үйрететін бағдарламаларды қолға алғысы келеді. 

"Барлық жастарды барынша қазақ тілінің ұлтаралық тіл ретінде дамуына үлес қосуға шақырамын",- деп өз сөзін аяқтады студент.  

Айта кетейік, облыста шамамен 3 мыңнан аса өзге этнос жастары қазақ тілін меңгерген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр