Желідегі Қайраттың келіншегі Бибігүл Төлегенованың сынына пікір білдірді
Бибігүл Төлегенова Димашты – көкке, ал Қайратты – жерге теңегелі халық бұл тақырыпты жаппай талқылап жатыр. Бұлбұл әншінің пікіріне қосылған бірлі-екілі адам болмаса, көпшілік қос әншіні салыстырудың өзін үлкен қателікке балауда.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл ретте желідегілерге өзін Қайраттың келіншегі ретінде таныстырған Жұлдыз Абдукаримова да Төлегенованың пікіріне қатысты ойын айтты.
Ол Бибігүл Төлегенованың сөзін “миға сыймайтын ойға” теңеп, оқырмандарының пікірін сұрады.
“Бұған айтар ой пікірлеріңіз қандай? Ата сақалы аузына түскен Бибігүл апай екі əншіге жол көрсетіп, ақыл айтудың орнына миға сыймас сөз айтып, өз абыройын көтермек болды ма?” – дейді Жұлдыз.
Желідегілер Жұлдыздың жазбасына түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Кейбіреулер жасы 90-ға жақындаған әншінің сөзін көңілге алмауға, ендігілер кешіріммен қарауға кеңес беріп жатыр. Ал үшіншілер Төлегенованың пікірін жақтауда.
Бұдан кейін Жұлдыз Қайраттың суреттерін жариялап, оны демейтін жазбалар қалдырды.
Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты – көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?
Бағым Мұхитденова: Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ
Баян Есентаева: Димаш пен Қайратты салыстыру кәсібилікке жатпайды
Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді