Баян Есентаева: Димаш пен Қайратты салыстыру кәсібилікке жатпайды

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 11:11

Баян Есентаева да әріптестерінен қалмай, Қайрат пен Димаш туралы пікір білдірді. Атақты продюсер қос әншіні салыстырудың кәсібилікке жатпайтынын мәлімдеді.

18644874_113497195902110_5691990470851297280_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Біз барлығымыз әртүрліміз. Дәл Қайрат пен Димаш секілді. Оларды салыстыруға болмайды, жұмсақ сөзбен айтқанда, ол кәсібилікке жатпайды. Ол екеуі де талантты, екеуін де ел жақсы көреді. Әркім өз жанрының мықтысы. Адамды қаралауға, улауға, тас лақтырып, жала жабуға болады, бірақ оның талантын ешкім тартып ала алмайды. Димашқа да, Қайратқа да сәттілік пен табыс тілеймін және күндердің күнінде адамдар бір-біріне төзімді әрі мейірімді бола түседі деп сенемін», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

димаш баян кайрат

Желідегілердің басым бөлігі Баян Есентаеваның сөзін құптады.

“Әркімнің өз тыңдарманы бар, екеуі екі түрлі тұлға”, “Дұрыс айтасыз, Рамазан айында мейірімді болайық, халайық. Өз басым әнші ретінде Қайрат Нұртасты жақсы көремін”, “Күн мен ай сияқты әркім өзінше, ай күн, ал күн ай бола алмайды”, “Екеуі де халықтың баласы, қазақ елінің азаматтары, өнерлі тастары өрге домаласын”, “Біз қырғызстандықтар Қайратты жақсы көреміз, сіздер осындай әншілеріңіздің барына мақтануларыңыз керек”, – дейді желідегілер.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты – көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Жұрт Баян Есентаева мен әкесінің ұқсастығына қайран қалды (фото)

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар