Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Төлегенова: Қайрат әнші емес, кімге керек ол? (видео)

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас туралы ойын білдірді. Ол қос әншіні салыстыруға да келмейтінін айтты.

бибігул кайрат димаш

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бибігүл Төлегенованың айтуынша, Димаш – қазақты әлемге танытып жүрген нағыз жұлдыз, ал Қайрат Нұртас – той әншісі.

“Екеуі жер мен көктей. Мен айтар едім, Нұртас деген – жер, ал біздің Димаш – көк. Көк аспанда нағыз бүкіл жер жүзіне барып, қайда барса да оны қазақтың әншісі деп… Ол қазақтың әнімен әлемнің құлағының құрышын қандырып жүрген адам. Қалайша оларды салыстырамыз? Нұртасты мен тек қана тойдан көремін”, – деді Бибігүл Төлегенова.

Stan.kz  тілшісіне берген сұхбатында Бұлбұл әнші Қайратты сынағаны үшін елден сөз естігенін де жасырмады. Алайда кім не десе де, Төлегенова дегенінен қайтар емес.

“Қайрат Нұртасты мен түсінбеймін. Маған ол үшін ұрысып та жатыр. Бірақ мен ондай әншілерді әнші демеймін, ол – орындаушы. Ол тойда айтатын әнін айтып жүреді. Кімге керек ол? Ал Димаш бүкіл әлемге шығып, қазақтың атын көтеріп жатыр”, – деп ағынан жарылды Бибігүл Төлегенова.

Әнші бірінші болып бұл жайлы Астана арнасындағы “Ел аузында” бағдарламасында айтқан.

“Қайрат Нұртасқа жастар еліктеп, танылып, көп ақша табуға қызыға алады. Ал Димаштай әнші болу үшін әр адам жастайынан осы саланы таңдап, білім алып одан қалса табиғи даусы болуы керек”,- деген ойын жеткізді қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды  жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді

“BN” тобынан кететінін айтқан Болат Назарбаевтың қызын әріптестері ұрысып тастады (фото, видео)

Үнемі жалаңаштанып жүретін әнші атасының имам болғанын айтып таңғалдырды

Талқылау