Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнемі жалаңаштанып жүретін әнші атасының имам болғанын айтып таңғалдырды

Луинаның меншікті мерекесі нағыз сағынышқа толы кеш болды. Отандық шоу-бизнестің ортасында 30 жасын атап өткен әншінің әжесіне айтар алғысы шексіз. Өйткені, 5 жасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өнер иесінің бүгінгі жетістігі сол кісінің арқасы…

18513723_726607364167374_6115404311284416512_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Отандық шоу-бизнеске Луина есімімен танымал Луиза Қарынбаева әке-шешесінен ерте айырылып, ата-әжесінің қамқорлығында болған. Қарапайым жанұяда өскен ол әнші болуды армандағанын айтады. Оның бала қиялына қанат бітірген әжесі немересінің әр қадамын қолдап, жетістіктерінде демеп отырған.

“Мені осы уақытқа дейін бағып-қағып, өсірген әжеме алғысым шексіз. Осыдан 7 жыл бұрын атам қайтыс болды. Ол кісі 5 уақыт намазын оқыған, имам болатын. Жұмыс кестесіне байланысты әжеме жиі барып тұруға мүмкіндік бола бермейді. Сондай сәттерде мені сағынып, ешкімге көрсетпей көз жасына ерік беріп, жылап алады екен”, – дейді Луина.

Жіберіп алмаңыз:

18 жастағы бойжеткен «Ақтөбе аруы» атанды (фото)

Азамат Сатыбалды жеке театрында билет бағасы не себепті айтарлықтай қымбат екенін түсіндірді

Жұрт Баян Есентаева мен әкесінің ұқсастығына қайран қалды (фото)

Тырнағына маникюр жасататын әнші жігіттер кімдер?

 

Талқылау