Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды жеке театрында билет бағасы не себепті айтарлықтай қымбат екенін түсіндірді

Азамат Сатыбалды театрдан еншісін алып, бөлек шығуды осыдан 10 жыл бұрын армандапты. Алайда ол кезде актер ретінде дайын болмадым дейді ол. Жуырда ғана актер арманына қол жеткізіп, өзінің жеке театрын ашып, алғашқы қойылымын сахналады.

18513573_645493568979404_314447749879693312_n

«Ақырындап жетіліп, аяғы биылға келді. Биылғы көктем мен үшін табысты көктем болды. Кином шықты, соның артынан іле-шала бір айдың ішінде театр ашып, жеке өзіміздің спектакль қойып жатырмыз. Өзім дегенде өгіздей қара күш бар ғой. Сондықтан да өзің болған соң, біраз нәрсені саласың, біраз еңбектенесің және қорқыныш та бар. Өйткені өзіңнің қойылымың болған соң, көрермен мен әріптестер қалай қабылдайды деген нәрсе бар. Мүмкіндігінше, қолдан келгенше барын жасауға тырыстық», – деді Азамат 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында.

Жаңа ашылған театрдың актерлік құрамында бір ғана адам бар екен, ол – Азамат Сатыбалды.

«Біз штатта актер ұстамаймыз, әрбір спектакльге арнайы актерларды келісімшарт бойынша шақырамыз, осы спектакльге екі актрисаны шақырсақ, келесіге басқа актрисаларды шақырамыз. Театрдың аты – «28». Киностудиямның аты – «Cinema 28». Әрине, екеуі егіз ұғым болғаннан кейін осылай атадым», – дейді Азамат.

Бір қызығы, Азамат Сатыбалдының жаңа театры жаңа ғимараттан емес, Алматыдағы қуыршақ театрының ішінен ашылып отыр. Бұл ретте актердің жаңа отау тігуге қаражаты жетпеді ме деген сұрақ туындайды.

«Сахнасы кішірек, залы тар. Моно-спектакльдерге өте ыңғайлы. Біз енді 500-800 көрермен жинап, масштабты қойылым қоя алмаймыз. Өйткені біз жеке меншік театрмыз», – дейді актер.

Жеке театры мен киностудиясын ашса да, Азамат Сатыбалды қара шаңырақ – Мұхтар Әуезов атындағы театрдан кетпейтінін айтады.

«Екі жақта да жүре беремін. Әуезов театрынан қуып жібермесе, кетпеймін. Өйткені ол менің үйім. Актер ретінде сол жерде дүниеге келдім.

Ал жеке театрымда билет бағасы кәдуілгі репертуарлық театрлардан қымбаттау болады. Және де бізге 200-300 көрерменнің қажеті жоқ. Саналы, өз аяғымен келген 10 көрермен болса жетеді. Біз көрерменнің жетегінде кетпейтін театрмыз, қайта көрерменді өзіміздің артымыздан алып жүрсек деген ойымыз бар. Жалпы театр көрерменнің жетегінде кетпеу керек, театр көрерменді тәрбиелеу керек», – деп түйіндеді сөзін Азамат.

Жіберіп алмаңыз:

Жұрт Баян Есентаева мен әкесінің ұқсастығына қайран қалды (фото)

Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Францияда Димаштың 95 жастағы жанкүйері бар

Димаш Құдайбергенов саяси білімінің төмен екенін айтты

Талқылау