Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Қайрат Нұртас ресейлік әнші Нюшаны қазақша сөйлеткелі бері ел арасында қос жұлдызды жұптастыратындар көбейді. Қайрат Нюшамен қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтып, ел аузында өрбіген әңгіменің нүктесін қойды.

CMuSWh0lnS0

Бұл туралы Қайрат Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сүхбатында айтты.

«Нюша – өте ақылды, еңбегі зор әнші. Басында орыс қызы табиғаты басқа шығар деп ойлағам. Бірақ Нюша өте еңбекқор, тәрбиелі қыз болып шықты. Тұштаңы жоқ, ішпейді. Қарап отырып сүйсінесің. Нюшаға: «Алматы түні» деген әнім бар, дуэт жазсақ қалай болады?» деп айтқанымда: «Болды, бір ауыз сөзің», – деп айта салды, ештеңе сұраған да жоқ. Ал енді қарап отырсаңыз, соның арқасында қанша қазаққа танымал болып, қазір нанын жеп жатыр. Содан кейін Нюшаны қанша адам жақсы көріп қалды, Қазақстанға тойға келіп жатыр. Құдай оған бақ берсін деп тілеймін. Бәрі көріп тұр оның еңбегін, шынайылығын. Біз Нюша екеуміз жақсы дос боп қалдық», – дейді Қайрат ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Талқылау