Францияда Димаштың 95 жастағы жанкүйері бар

Францияда Димаш Құдайбергеннің фанклубы, оның ішінде әншінің өнеріне тәнті жанкүйерлердің арасына 95 жастағы қарт әжей бар екен.

d8b99ab3c4e2bd4de8e4d7f5e08dda1f_XL

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Францияда 70-ші мерейтойлық Канн фестивалінің аясында отандық кинематография тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық кинопавильоны ашылған болатын. Димаш Құдайберген Қазақстан павильонының ашылуы салтанатында өнер көрсетті.

“Біздің киноға қызығушылық бар. Ұлттық павильонға 700-ден астам кәсіби маман қызығушылық танытты. Тіпті Димаштың жанкүйлері де келді. Оның Францияда фанклубы бар екен. Олардың арасында қариялар да бар көрінеді. 95 жастағы әйел келіп, Димашты көргісі келген”, — деді бүгін Канн фестивалінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық кинематография өнері және ғылымдары академиясының президенті Рашид Нұғыманов.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы отандық кинематография үшін серпіліс, халықаралық алаңға шығудың мүмкіндігі болды.

Канн фестивалі екі апта бойы қазақстандық кинематографистердің жұмыстарын көрсету, фильмдер, жобалар мен қызметтерді жарнамалау үшін кәсіби кездесулер мен келіссөздер өткізу мақсатында бірегей алаң ұсынды.

Бұған дейін Димаштың жаңа альбом шығарғалы жатқанын және саяси біліміне қатысты пікір білдіргенін жариялаған едік.

Еске сала кетейік, мамырдың 24-і күні Димаш 23 жасқа толды. Бұл күні қазақ әншісін бүкіл әлем жарыса құттықтады. Әйгілі әнші Лара Фабиан, жер жаҺанға мәлім “Титаник” фильмі саундтрегінің авторы Уолтер Афанасьефф, голливуд жұлдызы Ева Лонгория Димашқа видео-құттықтаулар жолдады. Одан бөлек, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер Димашқа ақ тілектері мен жүрекжарды лебіздерін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатты. Ал Димашты ерекше жақсы көретін қытайлар Қытайдын Бейжің, Шанхай, Гуанжоу қалалары мен Астанамыздың лэд-экрандарын жалға алып, бір күн бойы тек Димаштың суреттерін көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Тырнағына маникюр жасататын әнші жігіттер кімдер?

“Сәт” тобының әншісі отбасын құрды (фото, видео)

Асан Пердешов әйеліне қол көтергендіктен ажырасқанын мойындады

Асхат Садырбай: “Намаз оқуыма ораза себеп болды”

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар