Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Бұрынғы әйелі Баян Есентаеваны соққыға жыққаны үшін 9 жылға сотталып кеткен Бақытбек Есентаев мерейлі 50 жасын абақтыда қарсы алды. Бұл ретте қарындасы Нағима Есентаева ағасын дүниеге келген күнімен құттықтап, жұрттың жүрегін елжіретіп жіберді.

нагима бакытбек айару

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Нағима Есентаева ағасының әулет тірегі, қамқоршысы болғанын айтып, оған бар жақсылықты тіледі. Ағасының жоғарыдан келген бұл сынақты жұрттың қолдауымен өткеретініне сенім білдірген ол Бақытбек Есентаевқа болашақта жанұялық өмірдің қадірін білетін жар кездестіруді тіледі.

“Жаным асқар таудай ағатайым, ақылшым, ақылдым, тірегім, тілекшім, жанымның жалауы, мақтанышым, кең пейлі, ақ жарқын, көпшіл, бауырмал, ең ардақты ағатайым бүгінгі 50 жасқа толған туған күнің құтты болсын!

Әрдайым әулетіміздің тірегі, қамқоршысы, берік діңгегі болдың. Талай асуларды табандылықпен асып, қиындықтарды қажырмен жеңдің! «Елу тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола бер! Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бер! Денсаулығың күйлі-қуатты, ғұмырың ұзақ болып, алдағы көрер қуаныш, бақытыңды Алла молынан берсін саған! Әлі Алла жазса көрер қуанышымыз көп, бұл тек қана саған берілген сынақ қой, сабырлықпен бұл сынақты да өтеміз әлі.

Саған тілеулес туғандарың, туыстарың, достарың, ел-жұртың, халқың бар Аллаға шүкір.

Қайтеміз басымызға түскен соң көнеміз де жеңеміз. Кім білген 50 жасыңды осылай қарсы алатынымызды, арманымыз мүлдем бөлек еді ғой. Кім білген осылай боларын.

Жарқырап, жайнаған, үнемі күліп тұратын жүзіңнен сенің айналдым жан ағам менің! Сені әлі талай қуанышты, бақытты күндер күтіп тұр. Азаматтық басыңды сыйлайтын, жанұялық өмірдің қадірін білетін жар жолықтырып, алдағы өміріңде ұзақ та бақытты өмір сүруіңе тілектеспін алтыным (негізі көңілім толқып, ойым жан-жақты болып, шашырап айтайын деген ойымды жинақтай алмай қалдым). Ренжімеңіздер! Жаным сол, күлімдеген түріңнен айналдым, жүзіңнен күлкі кетпесін. Жаңа жасың, жайнаған өмір сыйласын саған ағатайым!” – деп жазды Нағима Есентаева.

Желі оқырмандары кіші Есентаеваның бұл жазбасына 1000-ға жуық пікір қалдырды. Көпшілік Есентаевтың тезірек абақтыдан шығуына тілектестік білдіріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Нұржан Төлендиев енді продюсерлік қырымен танылмақ

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Талқылау