Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Танымал продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов кезекті жобаны қолға алды. Ол Астананың қақ ортасынан “Бал-бала әлемі” атты балаларға арналған әткеншектер мен ойындарға толы саябақ ашуға дайындалып жатыр.

18581263_1181895151920635_3133188546626584576_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Болмановтың айтуынша, саябақтағы әткеншек, мәшіне, тир атаулының барлығы қазақ тілінде “сөйлемек”. Кәсіпкер киіз үй үлгісінде жасалған мұндай орталықтың әлемде баламасы жоқ екенін айтып мақтанды.

“Қайырлы кеш! Ауыз ашар дұғаларыңыз, ниеттеріңіз қабыл болсын! Алла қаласа 1-2 күнде біздер дайындаған киіз үй үлгісінде жасалған әлемде аналогы болмаған (юрта-батут) дүние, этно-тир Балбала (балалар атып, тигізген кезде Балбала ойыншықтары ән салады, қазақша әндері бар балалар машиналары, тағы басқа ойындар, дәмді балмұздақ та осы жерде. Алла берекесін берсін! Ниет түзу! Орысша айтылып жатқан сөздердің бізге қатысы жоқ. Саябақта шығып тұрған дыбыстар! Қүні-түні жұмыс жасап жатырмыз. Екі күнде осы жер адам танымастай өзгермек Алла қаласа! Дайындалған дүниелерімізді ертең орналастырып, арғы күні түгендеп, 1-маусым ашылмақпыз! Тарихымызда бұрын-соңды болмаған дүниеге абырой беруін тілеп, дұғада болайық бауырлар! Рахмет!” – дейді Болманов.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Алмас Кішкенбаев өзін “масқаралаған” оқушының ата-анасына ескерту жасады

Роза Бағланованы еске алу кешінде қазақ эстрадасының барша жұлдыздары ән салды (видео)

Талқылау