Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 10:47

Бибігүл Төлегенованың сынынан кейін отандық эстрада жұлдыздары Димаш пен Қайрат туралы ойларын айта бастады.

17818952_203783523445160_2081178887777157120_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәселен, әнші Жазира Байырбекова Қайратқа Димаштай, ал Димашқа Қайраттай болу міндетті емес екенін айтты. Дәл осындай пікірді бұған дейін Гүлзира Айдарбекова мен Бағым Мұхитденова айтқан еді.

Жазира Байырбекова Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғандарға ренжіп қалды. Бұл туралы ойымен ол желідегі парақшасында бөлісті.

«Неге осы біреуді мақтау керек болса, біреуді жамандауға жанымыз құмар, а?! Қанша жылдан бері еңбектеніп, көпшіліктің сүйіктісіне айналып келе жатқан Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?! Қайратқа Димаштай болу, Димашқа Қайраттай болу міндетті емес. Әр әншінің өз стилі, өз жолы бар.

Эстрада әншісі, классикалық әнші, дәстүрлі әнші, джаз әншісі сияқты әншілер түр-түрге бөлінеді. Музыкалық аспаптар сияқты әр әншіден әртүрлі үн тыңдауға болады.

“Қобыздың үні ұнап тұр” деп домбыраны лақтырып сындырып тастауға дайынбыз ау… Димашқа да оның өнердегі ағасы Қайратқа да шығармашылық табыстар тілейік!» – дейді Жанболаттың Жазирасы.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді

Айдана Меденова екінші рет ана атанды

Францияда Димаштың 95 жастағы жанкүйері бар

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Anonymous says:

    Шындық қашанда шындық оны қанша шыж -быж болсаңдар да орны толмайды димаштай мінез қабілиет устам білім расында қайратта біріде жоқ
    Бул халықтың бағасы оны қанша жерден жасырсаңда
    Көрініп мен мундалап тур
    Көңілге қарау надандық
    Кəзір ақшасы бар бəрін сатып алар ал ертең бəрі жоқ болғанда өз нанын тауып жейтін өнер қайратта барма мəселе осында анасы бар мумкіндіктен айтылса қайраттың ана дауысымен куні не болмақ
    Мəселе осында

  • Anonymous says:

    Салыстыру дұрыс емес. Салыстырып тәрбиелегендіктен көреалмаушылық көп.Бибігүл апай Димашты мадақтамақ болса,казактың сөздері жетіп артылады.Салыстырмай-ак айтарын айта берсін.

  • Anonymous says:

    Алжыпты биба

  • Anonymous says:

    Бибигуль апайымыздики дурыс емес. Кайраттын орны мулде болек.

  • Anonymous says:

    Бибігүл Төлегенова дұрыс айтты, қатты айты – бірақ дұрыс, Жазира ол кісіге қарап сөйлемесе де болар еді, музыкалық білімі жағынан бәнінен асып түсетін мэтрге қарсы сөйлеп не теңі?

  • Anonymous says:

    Ол кисинин улкен басымен сондай соз айтканы дурыс емес, озинин коргенсиздигин корсетти. Ал биз ушин Кайраттын да, Димаштын да орны болек!!!

  • Anonymous says:

    Nege sonshama kairatty jaksy korip kalgan anshiler aitalmaityny otirik emes goi tyndarmandarda biledi goi bibigul apamyz durys aitady

  • Anonymous says:

    Биздин казирги эстрададагы жулдыз сымактардын ДЕНГЕЙИ билинип ак калды. Ен болмаса казак онеринин шыны саналатын бирен саран тулгаларымызды сыйлау да колдарыннан келмейди екен гой. Арзан ан-пандеринди айтып журе бериндер…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар