Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова: Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ

Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенов туралы ойын айтты. Мұхитденова екі әншінің орны екі бөлек екенін тілге тиек етіп, Гүлзира Айдарбекованың пікіріне қосылды.

12424735_1769010899977694_448694473_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ, мыңдаған Димаш Құдайбергенов те жоқ. Біз онсыз да азбыз. Андреа Бочелли мен Майкл Джексонды салыстыру мүмкін емес. Ол екеуі екі жанрдың адамы. Қайрат пен Димаш көп еңбектенді, талай шалынысты, бүгінде екеуі де үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрін ел салыстырсын немесе жанжал шығарсын деп емес, тыңдармандарын қуанту үшін істеді. Жақында ғана Қайраттың продюсері сұхбат беріп, Қайраттың Димаш, ал Димаштың Қайрат бола алмайтынын түсінікті түрде жеткізді. Мұның несі түсініксіз? Ол екеуі мүлдем екі түрлі», – дейді Бағым Мұхитденова.

багым димаш пен кайрат

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова екінші рет ана атанды

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Үнемі жалаңаштанып жүретін әнші атасының имам болғанын айтып таңғалдырды

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау