Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайрат сияқты бола алмайды

Гүлзира Айдарбекова Қайратты Мейрамбекпен, Төреғалимен, Ернармен, қала берді Димашпен салыстыратындарға жауап берді. Продюсер әр әншінің өз орны болатынын айтып, оларды қатар қойып, біреуін артық, ал екіншісін кем көруді «ақымақтыққа» теңеді.

16228858_1357206697634784_7682710965053292544_n

«Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында Гүлзира Айдарбекова әлемді мойындатқан Димаш Құдайберген туралы ойын айтты. Ол Димаштың Қайрат сияқты бола алмайтынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

«Қайрат бірінші шыққан кезде оны Мейрамбекпен қатты салыстырды. «Сен Мейрамбек бола алмайсың» деп Толқын Забировалар қалай көңілімізді түсіріп тастады. Одан кейін Бибігүл апамыз Қайратты танымаса да, тыңдамаса да, шәкірті Толқын Забированың сөзіне еріп (бәріміз де көмекшімізді тыңдаймыз ғой), «тыңдамаймын» деген сияқты айтып қалды. Бірақ Бибігүл апамызды бәріміз жақсы көреміз. Қателескен жері шығар деп Қайрат әлі күнге дейін жақсы көреді.

Өздерін жоғары ұстап, Қайратқа қанша сөз айтқан әншілер болды. Бірақ ол бізге жақсы. Сен сол сынға қарап, намыстанып, алға көтерілесің.

Одан кейін Ернар Айдар шыққан кезде, «ойбай, Қайрат, сенен озып бара жатыр» деп шықты. Одан кейін Төреғали шыға бастады. Журналистер, тіпті, екеуінің суретін қатар қойып, «қайсысы мықты, қайсысының киімі мықты, даусы күшті» деп салыстыра бастады. Төреғалиден кейін, қазір Димаш шығып жатыр. Димашпен салыстырып қойып қояды», – деп ағынан жарылды Гүлзира Айдарбекова.

Одан кейін танымал продюсер Димашты да, оның ата-анасын да қатты сыйлайтынын тілге тиек етті. Ол Димашты «феномен» ұлынан артық көретіндерге жауап берді.

«Димаш жас әнші, ол әлемді мойындатып жатыр. Бәріміздің қуанышымыз, көзайымымыз. Мен оның ата-анасын да жақсы сыйлаймын. Қайрат енді концерт бере бастап, Ақтөбеге барғанында бірден көмек бере қойған Димаштың папасы. Содан кейін мен ол кісіні жақсы көремін. Оның баласына да өз балама тілейтінді тілеймін. Бірақ екеуін салыстыруға мүлдем келмейді.

Өйткені Димаш – конкурстың әншісі, оның даусы сұмдық керемет. Ал Қайрат конкурстың әншісі бола алмайды. Ол шыңғырып, неше түрліні жасамаған. Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды», – деген Гүлзира Үсенқызы Қайраттың атақ-абыройының төмендеп қалмайтынына сенімді екенін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Бай отбасыдан шыққан Гүлзира Айдарбекова оқушы кезінде жағармай сатқанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы анасының Пайғамбар жасына толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Алматыда танымал қазақ әншісінің тойы өтті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев келіншегінің өзіне ұнайтын қасиеті туралы айтты

Су астынан сәлем жолдаған Ерке Есмахан көпшілікті таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар