Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Құдайберген қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айрылды

Алматы қаласы мәслихатының құрамында өзгерістер болды. Мәслихаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде кезектен тыс XXIII сессия өтті. Сессия кезінде Қайрат Құдайберген қалалық мәслихаттағы депутаттық мандатынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Қайрат Құдайберген

Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау Комиссиясының қаулысы және "AMANAT" пен "Қазақстан Халық партиясы" партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді.

“Мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес М.А. Әділхановты, Л.Е. Ибрагимованы, Е.З. Талбидиновты, Қ.Қ. Сәрсенбайды, А.А. Жүдебаевты, М.М. Зулеевті, Р.Ч. Бөлекбаеваны, Ә. Құрманбекті партиялық резервке қосу есебінен болды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қ.Қ.Құдайберген "AMANAT" партиясынан, А.Б. Абылқасымова пен А.Т. Шапенов Қазақстан Халық партиясынан (өз қалауы бойынша) шығарылды. "AMANAT" партиясының қалалық филиалының партиялық резервінде 50-ге жуық адам, Қазақстан Халық партиясы қалалық филиалының партиялық тізімінде 10-нан астам партия мүшесі бар.



"Сапалық құрамы бойынша ғылым мен білім саласы өкілдерінің саны екі есе өсіп, 20% құрады, БАҚ және ҮЕҰ – 21% дейін өсті. Сонымен қатар, мәслихаттың жаңа депутаттары арасында екі көп балалы ана бар. Партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесі алмастыруды көздейді. Бұл процедура әлемнің дамыған елдерінде іс жүзінде кеңінен қолданылады және меритократия мен партияішілік бірлік қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады. Осы принциптер партиялардың резервтік тізімдеріндегі басқа мүшелеріне өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді", – деп хабарлады мәслихат өкілдері. 

Айта кетейік, қаңтар оқиғалары кезінде митингте болғаны үшін тергеу изоляторына қамалған кәсіпкер, қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген ондағы сұмдық жайттардың бетін ашқан еді. 

Талқылау