Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты боямаңдаршы": Салтанат Бақаева өзін макияжсыз көрген жүргізушінің танымай қалғанын айтып ыңғайсызданды

Салтанат Бақаева өзін макияжсыз көрген жүргізушінің танымай қалғанын айтып ыңғайсызданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшаларының біріне жазба қалдырып, Шымкент қаласында болған қызық оқиғасы туралы айтып берді. Үнемі көрген адамдар бірден танып, араласып кететін Бақаевның макияжсыз түрін көрген көлік жүргізушісі оны танымай қалған. Тіпті, өнер иесі бұған біраз шағымданып та қалған. Салтанат Бақаева көмекшімнен ұялып кеттім деп жұртты күлдірді.

"Әдетте бізді той иелері аэропорттан қарсалып, қонақ үйге, одан кейін салонға апарады. Бірақ бұл жолы той иелері мен туралы ұмытып кетті ма екен, жоқ өмір өз қызығын көрсеткісі келді ме, әйтеуір біз өзіміз таксимен жетейік деп шешіп, таксистер тұратын тұраққа бардық. Басымда кепка, көзімде көзілдірік. Дереу келісіп, бір інімнің көлігіне мініп кеттік. Әдетте бұндай жағдайда жүргізуші бізді танып, сұрақ қойып қызықты әңгіме болатын. Бірақ дәл осы күні сценарий басқаша болды. Жол бойы бізге сұрақ жоқ. Әншейінде "Салтанат, қап-қарашкамен ән айтасыз ба? Неге жоғалып кеттіңіз? Мен сіздерді үйленеді деп ойлағам" - деген сұрақтар жоқ. Сенесіз бе жоқ", - деп жазды Салтанат Бақаева.

Артынша салоннан шыққанан кейін ғана жүргізуші өнер иесін таныған. Үнемі боянып жүретін ол осыны айтып өкініш білдірді. Сөйтсе, әншіні бастапқыда танымай қалған өзінің тыңдармандарының бірі көрінеді. Көлік жүргізушісі бұл ісіне өкініп қалған. Алайда, бұл Салтанат Бақаева үшін үлкен сабақ болды. Енді әнші қатты боянбаймын деп шешім қабылдаған.

"Мен тіпті қасымда отырған көмекшімнен ыңғайсызданып, қой құрсын, танысын мені деген оймен, алдымен кепкамды одан кейін тіпті көзілдірігімді де шешіп тастадым! Енді танитын шығар деген оймен қонақ үйге де жеттік. Сол бойы танымады. Сосын сол таксист бізді салонға да, одан кейін тойға да апаратын болды! Мен танымады-ау, ең бастысы көмекшімнен ұят болды деп ыңғайсызданып салоннан шығып көлікке кіре бергенде ана таксист мені таныды. "Өлә, сіз Бақаевасыз ба?"- деді. Туу боянған соң ғана таныдыңыз ба деп ренжігендей болдым. Менің ренжігенімді көріп өзі ыңғайсызданып қалды.
А так өзімнің подписчигім екен. "Айтөтөңіз қайда?" - деген соң, көңілім орнына түсті. Содан кейін қатты боямаңдаршы дейтін болдым бүкіл визажистерге. Осындай жағдай. Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой деген екен. Сіздерге айтып сызып қойғаным ғой", - дейді Бақаева.

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда колония мен түрме қызметкерлерінің жалақысы артады

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері (БМЖ) жалақыны көтеруді жоспарлап отыр

«Аралтұз» АҚ тұз құрамында әйнек жүр деген ақпаратқа жауап берді

Желіде тұз құрамында әйнек бары айтылған аудио-видео тарады

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды
Çàãðóçêà...