Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаскелеңде көкпарға қатысқандар 10 тәулікке қамалды

Қаскелең полициясы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген көкпарға қатысқан алты адамды ұстады. Олар тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көкпар

Бастапқыда ойын қала сыртында өткені белгілі болды. Бірақ кейінірек қала көшелеріне шығып кеткен. Ал ұйымдастырушы – бір жасар жиенінің құрметіне көкпар ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер.



"Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіргені, сондай-ақ оларға материалдық залал келтірген алты көкпаршы ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("ұсақ бұзақылық") әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына он тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды Сондай-ақ 614-баптың 1-бөлігі ("көлікке кедергі жасау") бойынша да тіркелді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қаскелеңдегі көкпарды ұйымдастырғандар кешірім сұраған еді. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 18 Мамыр, 2022 10:45
Талқылау