Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың бір жасын тойлаған: Көкпар ұйымдастырушылары Қаскелең көшелерінде болған бұзақылық үшін кешірім сұрады

Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырған тұрғын мен ойынның үш қатысушысы ұсталды. Бұған дейін көкпардың арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқаны хабарланған еді. 

Жарысқа қатысқандар автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, тіпті кейбірі мүліктің талқанын шығарған. Көкпарда түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Полицияның хабарлауынша, заңсыз көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны ұйымдастырған. Өзінің айтуынша, ол ат жарысын жиенінің бір жасқа толуына орай жасаған. 

Жарысқа қатысу үшін бірден 60 ұлттық ойынның жанкүйері жиналды. Нәтижесінде, ұйымдастырушылар тәртіпті қамтамасыз ете алмаған.

"15 мамырда көкпар бердік. Кешіріңіздер, бұл енді қайталанбайды. Мұндай шу, мұншама көп адам болатынын білмедік", - деді көкпарды ұйымдастырушылардың бірі.

Алғашқыда көкпар Қаскелеңнің шет жағындағы алаңдардың бірінде басталған. Кейін қатысушылар қала көшелеріне шығып кеткен.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 (ұсақ бұзақылық) және 614-бабы (көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша жауапқа тартылуда", - деп хабарланды полициядан. 



Ал тәртіп сақшылары көкпардың өзге қатысушыларын іздеуде. Оның ішінде 34 жастағы тұрғынның көлігін зақымдаған азамат та бар. Автокөлік иесінің шағымы Қарасай аудандық полиция бөлімшесінде тіркелді. 

Талқылау