Ішінде 15 адам болған: Қарағандының орталығында ғимарат опырылып түсті

Видеодан скрин
Қарағандының орталығында ғимарат опырылып, 15 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазыбек би ауданында пайдаланылмай тұрған төрт қабатты ғимараттың құрылымдары жартылай құлады.
“Алдын ала мәлімет бойынша, құлау аумағы шамамен 150 шаршы метрді құраған”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Талдыкөл кек алып жатыр": Астанада жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, қыз бала ішіне түсіп кетті
Қарағанды облысының ТЖД күштерімен оқиға кезінде ғимарат ішінде болған жөндеу бригадасының 15 мүшесі эвакуацияланды.
“Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орны қоршауға алынып, қосымша құрылымдық тексеріс жүргізіліп, құлаудың себептері анықталуда”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстау облысында 15 жыл бұрын салынған мектептің шатыры опырылып түскенін жазғанбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген