Қарағандылық ару даладан жаралы үкі тауып, асырап алған (видео)
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағандылық ару даладан жаралы үкі тауып, асырап алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағандылық Анар Шаймерденова отбасымен қала сыртına шыққанда, Бұқар жырау ауданындағы ашық далада ұша алмай жатқан үкіні байқаған. Жақындап барғанда құстың бір қанаты қатты зақымданғанын көрген.
"Құс тығылуға тырысты, әрең қозғалып тұрды. Мен оны ол жерде қалдыра алмадым. Жайлап орамалға орап, үкіні көлікке әкелдім, су беріп, қалаға алып кеттім", – дейді Анар.
Кешкісін барлық клиникалар жабық болғандықтан, құс Анардың үйінде түнеген. Таңертең оны ветеринар қарап, қанатының сынғанына ұзақ уақыт болғанын анықтапты. Сол себепті қанатын кесуге тура келген.
Анар құсты өз үйінде бағып, емдеуге бел буған. Құсты қараған орнитолог оның сегіз айлық аталық екенін айтқан. Қыз үкіге "Қанат" деген ат қойған.
Құс қазір Анардың үйінде оңалту кезеңінен өтіп жатқан көрінеді.
"Бұл жабайы құспен алғаш рет танысуым. Өте жуас, өзіне тартып тұрады. Жай ғана қасында отырып, онымен сөйлескің келеді", – дейді Анар.
Үкі толықтай сауығып кеткеннен, Анар оған сенімді, қамқор ие тауып, табыстаймын деп үміттенеді

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
