Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бойжеткеннің жағын сындырды деп айыпталған ЖОО оқытушысы ақталып шықты

Қарағандыда қыздың жағын сындырды деп айыпталған ЖОО оқытушысы ақталып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот оны кінәлі деп тапты, бірақ рақымшылық бойынша негізгі жазадан босатты. Алайда ол жәбірленушіге 1 млн 100 мың теңге төлеуі тиіс. 

"Үкімнің күші жойылсын. Кінә дәлелденбегені үшін жаңа ақтау үкімін шығарылсын. Айыпталушының жәбірленушіге қасақана дене жарақатын салғанын растайтын объективті дәлелдер алынған жоқ. Жәбірленушінің алғашқы айғақтарына сәйкес, ол өзін кім ұрғанын көрмеген. Құрбысының айтуынша, оны М.соққыға жыққан, бірақ бұл куәгердің айғақтарына сыни көзбен қарау керек. Өйткені ол мүдделі тұлға. Оның М.-мен қарым-қатынасы дұрыс болмаған, араларында жеке араздықтары болған. Қақтығыс орнында болған куәгерлер де М.-ның жәбірленушіні ұрғанын көрмеген", - деді судья Еркеш Маукен.



Прокурор Нұрсұлтан Танабаев айыптау үкімінің күшін жоймауды сұрап, оның кінәсі дәлелденгенін мәлімдеді. Оны жәбірленушінің адвокаты Фаил Гибаев та қолдады.

Бұған дейін Қарағандыда университет оқытушысы кафелердің бірінде қыздың жақ сүйегін сындырғаны туралы ақпарат таралған. Полиция "денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады. Сотта мұғалім өз кінәсін мойындамады. Бірақ Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Құтышев оны кінәлі деп тапқан болатын. 

Талқылау