Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мас әйелді қағып кетті

пойыз мас әйелді қағып кеттіФото: pixabay.com

Қарағанды облысында жолаушылар пойызы теміржол жолына шыққан әйелді қағып кеткен. Кейін әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметінше, оқиға 7 шілде күні кешкі уақытта Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр аралығында сағат 21:09-да болған.

Пойыз машинисі шұғыл тоқтауға тырысқанымен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Әйел аяғын сындырып, Қарағанды-Сортировочная станциясында жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Алдын ала деректер бойынша, ол мас күйде болған.



Оқиғаға байланысты пойыз 18 минутқа кешіккен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, іс материалдары полицияға берілді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 17:40
Талқылау