Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында автоәуесқойлар ерекше флешмоб ұйымдастырды (видео)

Қарағанды облысы Приозерск автоәуесқойлары әдеттен тыс флешмоб ұйымдастырды. 90-нан астам көлік елдегі ең үлкен көлік шыршасын құрастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Жаңа жыл қарсаңында Приозерск қаласының автоәуесқойлары көліктерімен алып шыршаны жасады. Бастамашы және ұйымдастырушы Балқаш емдеу-сауықтыру кешені. Олар өз парақшасында @balkhash_complex керемет флешмобының видеосын жариялады.


Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал


"Қарағанды ​​облысында мұндай көлік шыршасы алғаш рет жасалып отыр. Бұл флешмобқа 90-нан астам көлік жиналды. Автокөлік әуесқойларының осындай керемет сый жасағаны бізді таң қалдырды. Бұл қаламыздың бірлігін көрсетеді", - деді ұйымдастырушылар.

Талқылау