Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, боран болады - Қазгидромет

Синоптиктер 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың болжауынша, еліміздің солтүстік облыстарында боран болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Қар жауып, боран болады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Атмосфералық процестердің тез ауысуы Қазақстан бойынша ауа райының қолайсыздығын тудырады. Алдағы үш тәулікте ел аумағына үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды. 

«Алайда оның артынан антициклон келеді. Бірақ ол 19 қазанда кезекті циклонмен және арктикалық фронттармен ығыстырылатын болады», - дейді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, соның әсерінен еліміздің көптеген облысында ауа райы бұлтты және жауын-шашынды болып, жаңбыр, қар жауады деп күтіледі. Ал солтүстік облыстарда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан қатты жел соғады деп болжанады. Соған байланысты өңірде боран болуы мүмкін.

Талқылау