Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар мен көктайғақ: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 20 градусқа дейін жоғарылайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 20 градусқа дейін жылы болжанады. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 11 Қазан, 2021 11:00
Талқылау