Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар құрсауында қаза тапқандардың тізімі: Жамбыл облыстық полициясы желіде тараған ақпаратты түсіндірді

Жамбыл облысының полицейлері облыста қарлы боран кезінде қаза тапқандар туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл чс

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар аяздан өліп, бір отбасы түгел қаза тапты деген ақпарат тараған. Тас жолда қар астында қаза тапты деген адамдардың тізімі пайда болған.

“Осы уақытқа дейін ауа райының күрт нашарлауынан төтенше жағдайда қаза тапқандар жоқ. Тізімде қар құрсауынан құтқарылған және жылыну үшін мектепке жеткізілген адамдар туралы мәліметтер бар”, – делінген полиция департаментінің таратқан ақпаратында.



Табыттардың фотосуреттерінің шығу тегін де түсіндірген полицейлер олардың Жамбыл облысы арқылы транзитпен тасымалданғанын жеткізді.

Полиция департаменті жалған ақпарат, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының жолдарында қар құрсауында қалған 5 мың адам жергілікті атқарушы органдардың, Төтенше жағдайлар министрлігінің, полиция департаментінің күштері, ТЖД әскери қызметкерлерінің көмегімен құтқарылған.

Талқылау